Өлең, жыр, ақындар

Айтамын алғыс

Айтамын алғыс

Бақытты өмір сыйлағаны үшін,
Алғыс Әкем мен Анама.
Жетектеп бірге ойнағаны үшін,
Алғыс Әпкем мен Ағама.

Еркелететін қошақаным деп,
Алғыс Атам мен Апама.
Айтқанын тыңдап өсіп келемін
Ақылын құйып санама.

Алғыс айтамын Ұстаздарыма
Білімнің нәнін тергізген.
Құрдастарыма жан достарыма
Күлімдеп ойнап бір жүрген.

Ардақтап жүрем бабамның ісін,
Қастерлеп берген дарханын.
Бейбіт пен тату күндерім үшін,
Алғысым Қазақ Отаным!

Ержан Қ.
Кенже қыздың сабағына базарлық



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз