Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

Өсіп- өнген, кең мекен, туған жерім.
Балалықты басымнан қуған жерім.
Кіндік қаным тамған жер, Атамекен,
Табиғатың, ауаң әсем, ғажап керім.


Туған елім, баға жетпес байлығым.
Сағынамын алыстасам сай, қырын.
Бауырыңмен қауышқанда ерекше
Өзіңменен өткізген бір жайлы күн.


Туған жердің бөлек болар ауасы.
Құшағы кең, таусылмайтын даласы.
Сағынышым жүрегімде сақталған,
Мен де оның бір алып- ұшар баласы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз