Өлең, жыр, ақындар

Мен бір жанды сүйіп қалдым, ол басқаны

Мен бір жанды сүйіп қалдым, ол басқаны,
Ауыр тиді құшағына жармасқаны.
Кеудедегі жүркке қиын екен,
Махаббаттың осылайша жалғасқаны.

Махаббатым сол адамға шын ғашықпын,
Маған қарай қаратам деп тым асықтым.
Менде жалын ода жәй сөнген жүрек,
Іздеуменен сол бір жанды шыңға шықтым.

Оны көрсем махаббатқа тұншығамын,
Маған деген сезім барма, үн шығарғын.
Жақтың сен, айналамды жарқыраттың
Түнде келіп түнергенде түн шырағын.

Жүрегімді жүрегіңмен бағындырдың,
Жан жүректен кетсең болды сағындырдың.
Себепшісі сен болдың ақ періштем,
Сезімдерді арнасымен ағындырдың.



Пікірлер (1)

Айнұр

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз