Өлең, жыр, ақындар

Махаббатым

Көздеріме қарап тұрып күлімдейсің,
Жүрегімді бір жылытып күнім дейсің.
Жүрегімді жүзіңмен тербедің сен,
Жаным менің сылдырлаған үнімдейсің.

Әлі есімде танысқан алғаш кезім,
Жүрегімді жүрегіңмен жалғаш дедім.
Жан жүректі тебіренттің келе сала,
Ойнақтап тұр бір сен деген алқаш сезім.

Ұлғаяды махаббатым күннен күнге,
Ұласады махаббатым түннен түнге.
Керім көрік, келісімді келген қызсың,
Сен күлгенде күнмен түндер күлген бірге.

Маужыраған махаббатым мазалайсың,
Кірлеп кеткен жүрегімді тазалайсың.
Махаббат сезіміне бөлендірдің,
Ал Махаббат неге мені жазалайсың?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз