Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасы
Кешегі жұрт,кешегі жыр,кешегі
Кешегіден ұрпақ өрбіп еседі.
Желтоқсанда бір ызғырық суық бар,
Тәннен бөлек жанға жаман еседі.
Желтоқсанда қалып қойған бар мұңым,
Айту қиын азапты үннің әр күнін
“Колбин” үшін аты өшкір қарғыстың,
Шайқалтты ғой талай жастың тағдырын.
Сексен алты қасіретті жылдарым,
Сыйғыза алмас сәттеріңді жырладым.
Билік үшін,бейбіт үшін,жан беріп
Боздақ болды құдіретті құрбаның.
Қолтықтасып бола білген бауырлыр,
Желтоқсанда бір құдірет,ауыр бар,
“Қонаев”деп қарсы тұрған жігіттер
Жүрегінде ерлігі бар арулар.
Желтоқсанда Қайратым бар,қадірлі
Ызғырық жел байлапты ғой бағыңды.
Қара торда шырылдаған батырым,
Азаттыққа сыйладың ғой жаныңды.
Желтоқсанда Ләззатым бар,ар-мұңым
Көтердің-ау соққыны да,барлығын
Суық желден үсік шалған гүл едің,
Қар үстінде желге ұшты тағдырың..
Желтоқсанда Ерболым бар,ерлігім,
Тарихсың-ау мақтан етер сен бүгін.
Ұлттың үшін ұйқы көрмей жан кештің,
Тапсам дедің азаттықтың теңдігін.
Желтоқсанда Сабирам бар,жалынды,
Ұлттың үшін сарп еттің қаныңды.
Өлім ғана сені өзіне бағыштап,
Сындырыпты қайтпас қайсар сағыңды.
Арманы еді,бізге бақтың қонуы
Сезілмейді әсте бірақ тоңуы.
Ұмытпайды халық оны бір себеп,
Күнтізбеде желтоқсанның болуы….



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анама

  • 0
  • 0

Ақ жаулығың,ар жүгін арқалаған,
Қуанышым,берекем,асыл анам.
Шуағыңмен бойыма жылу беріп,
Арман жүгін алысқа арқалаған.

Толық

Қарап көріңіз