Өлең, жыр, ақындар

Құтты болсын мереке, аруларым!

Мәңгілік шуақ төккен ғасырларға,
Теңеу жетпес сіздей жан, асылдарға
Қуанамын арулар нұр жүзіңнен
Мейірім, бақыт нұры шашылғанда

Көңілдің мұз жүрегін еріткен күн,
Мінездері лағындай еліктердің
Көңілі биік таудың баурайындай
Көктемде қызғалдақтай көріктендің

Соның бірі ұстаздар жыр беретін
Жан дүниесі шуақпен гүлденетін
Бір қолымен бесікті тербетіп-ақ
Білімге де барынша гүл беретін

Келер шақ, мол белгісіз жарқын елес
Бүгініңді бағалау алтын белес
Менің мынау бұлқынған әсем жаным
Ананың құдіретінен артық емес

Өмір жолы өзеннің ағысындай
Тұлпарлардың дүбірлі шабысындай
Қиындыққа қасқайып қарсы тұрып,
Аруларым жүре берсін сағы сынбай

Жүздерінен жылуын төге білген
Көздерінен үмітті көремін мен
Таңбалы іс-шаралар жасағанда
Тарихтан қалу керек неге мүлдем?!

Білімменен тәрбиені бере білген
Ұстаз деген ұлы атқа сенемін мен
Бүгінгінің батыры кім десе егер
Ұлағатты ұстаздар дер едім мен!

Әрдайым ашық болсын аспаныңыз,
Жадырап жүре берсін жас жаныңыз
Тілейді бар жақсыны сіздер үшін
Құттықтап Адамбеков жастары біз!



Пікірлер (5)

Медина

Жалқауға күнде м

Медина

Жалқауға күнде

Медина

маған мақал мәтел керек

Медина

маған мақал мәтелдер керек

Erdauletuly_Kydyrali

Керемет 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз