Өлең, жыр, ақындар

Көкпар

  • admin
  • 27.03.2024
  • 0
  • 0
  • 97
Кірпік ілмей күндіз-түн,
Хас тұлпарды кім баптар?!
Қазақ пенен қырғыздың,
Ескі ойыны бұл «көкпар».
Ат жаратып сайла да,
Кең жайлауға, қырға бар.
Күш,
Ептілік,
Айла да,
Сол «көкпарда» шыңдалар.
Дала ұқсап базарға,
Шуылдайды ел, тегі.
Лақтырасың «қазанға»
Доп орнына серкені.
Ат мінген соң арынды,
Құлар олар көп кейде.
Ойын шарты кәдімгі,
Ұқсас футбол, хоккейге.
Қаның бар ма бойыңда,
Арғы атаң Ер Түрік!
Жатады бұл ойында
Ат та, адам да мертігіп.
Жеткенше кез тынығар,
Бәрін көріп азаптың.
Көкпар ойнап шынығар
Жігіттері қазақтың!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соль

  • 0
  • 0

Айтсаң дағы қыр әнін,
Созылмаймын өлшемсіз.
Домбыраның бұрауын,
Түсіріп көр, «соль»-сіз.

Толық

Жылқышы туралы аңыз

  • 0
  • 0

Ер мінезді, жайлы, өңді,
Жоқ ойында елді арбау.
Ертеде бір бай болды
Қоныстанған кең жайлау.

Толық

Ұшқыш балық

  • 0
  • 0

Шөп-шаламды елемес,
Қорегі оның жетеді.
Теңіз емес,
Көл емес,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер