Өлең, жыр, ақындар

Ғашықпын

Ғашықпын сол адамға шын ғашықпын,
Жаным ау неге сонша тым асықтың.
Күнім түн, түнім түнек болып кетті,
Өмірі осы екен шын ғашықтың.

Сеземін жүрегіңнің жылуларын,
Берілген жаратқаннан сұлу дарын.
Саған жетпес жүзіңе әсем сұлу,
Көрсемде бар әлемнің сұлуларын.

Бақыттың жолдарында сенімдермен,
Бірге кетіп барамын сезімдермен.
Кештерде кездескен сәттеріміз,
Бұл менің саған деген кезім берген.

Сүп - сүйкімді, мөп - мөлдір көздеріңнен,
Әп әдемі сөйлеген сөздеріңнен.
Құшағыңды құшағыма қысқым келіп,
Орында тұра алмай төзбедім мен.



Пікірлер (1)

Марат

Әдемі жазылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз