Өлең, жыр, ақындар

Көкшетау, саған жыр жазбай жүргем

  • admin
  • 19.04.2024
  • 0
  • 0
  • 22
Көкшетау, саған жыр жазбай жүргем,
Жырлауға өрем жетпес деп.
Сәкенді оқып бағаңды білгем,
Садағаң болып кетпес пе ек?!
Сәкеннің әні көкірек керіп,
Мақтаныш бойды билейтін.
Сағынып, аңсап, жетіп ек келіп,
Хал қалмад сені сүймейтін!
Ақ қайың, аққу, ақ айдыныңды,
Аймалап тұрды жанарым.
Өшірген шоқтай қайғы-мұңымды,
Шыңдарға үмітпен қарадым.
Көкшетау, сенің көшеңді кездім,
Еңсені езгенде ауыр ой.
Қас-қабағыңнан қамқорлық сездім,
Қызмет қылсам – абырой!
Көкпен үндескен кербез Көкшетау,
Нәзіктігіңді ұғынам.
Құшағына алып әсем бақша-бау,
Жаураса жаным жылынам.
Жолында жігіт сүрінер талай,
Көкшеде сағы сынбайды.
Адалдық жырын орай да борай,
Төлегендері жырлайды!
Алаулап бағың жанады мұнда,
Тер төксең болды аянбай.
Батасын төгер салмай-ақ сынға,
Әулие шалдар Баяндай!
Ақыл ұйыған сәулетті жерде,
Еңбегің қалмас өтелмей.
Арқа сүйерлік аға көп менде,
Мәрттігі мәлім Мәтендей!
Үркітсе көшті иттің үргені,
Сабасына түсер ағаттар.
Атылған оқтай айсыз түндегі,
Жарқ ете түсер Жанаттар!
Иілсе сынбас емен іздедім,
Жүргем жоқ жолдас таба алмай.
Ізіне тұрмас жалтақ жүз керім,
Досым бар мұнда Жабалдай!
Ақылға салып, жүгінерім бар,
Жайым жоқ жасып, үгілер.
Алмастай мұнда інілерім бар,
Сүрінсем тұра жүгірер!
Көкшеде талай тұлпар жетілді,
Маған да кие дарығай.
Қалпыңнан тайсаң қарайтын секілді,
Қабағын түйіп Абылай!
Көкшетау, саған жыр жазбай жүргем,
Жырлауға өрем жетпес деп.
Бұл жақтың, сірә, қыздарын көркем,
Жырласын Сәкен тектес деп!
Маңдайға біткен мақтаныш едің,
Амандығыңды тілегем.
Сұлулық сырын сақтағыш едім,
Ескерткіш болсын бұл өлең!
Жолатпай келген жаманат саған,
Сан түрін көрген азаптың.
Болашаққа апар, аманат саған
Сұлулығын сақтап қазақтың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғандық арбай бастаса

  • 0
  • 0

Шындықтың аршып қабығын,
Жалаңаш ұстап тұрғандай.
Түнекті серпер жарығың –
Хас батыр жазған жыр қандай!

Толық

Ақ әжем менің бар еді

  • 0
  • 0

Ақ әжем менің бар еді,
Аңқасы кеппес шілдеде.
Ораза тұтып жүретін,
Аспан айналған күнде де.

Толық

Саған ғана...

  • 0
  • 0

Атыңды айтсам, әлі күн тебіренем,
Ескерткішің қалдырған сенің -өлең.
Тағдыр шіркін жазбапты қосылуды,
Бірге ғұмыр кешуді сеніменен.

Толық

Қарап көріңіз