Өлең, жыр, ақындар

Мен берген сары жапырақ

  • admin
  • 19.04.2024
  • 0
  • 0
  • 33
Мен берген сары жапырақ
сақтаулы жүр екен әлі,
Ол бәлкім ескерткіш шығар,
ал бәлкім махаббат әні.
Сен оны ұстанғаныңда
қолдарың дірілдейді екен,
Көздерің тұңғиық терең,
не айтарың білінбейді екен.
Бірақ сол жұмбақ жанарың
жүректі тілімдейді екен
…тілімдейді екен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаройдың қара жусаны

  • 0
  • 0

Қаройдың қара жусаны,
Қайғыдан қажып түнерген.
Махамбет қаны тамған жер,
Өзіңнен жастай сыр емгем.

Толық

Тал бойыңда бір нәзіктік нұры ойнап

  • 0
  • 0

Тал бойыңда бір нәзіктік нұры ойнап,
Алаңдатпай нәпсі, қызық, жын ойнақ.
Сен қалқисың айдыныңда арайлы,
Мен отырам саған арнар жыр ойлап.

Толық

Мен өлеңді құмға жазып бастағам

  • 0
  • 0

Жылдар өтті... көп ғадетті тастағам,
Асуларым көп-ақ әлі аспаған.
Жан баласы жазбаған жыр жазсам деп,
Жастық емес, қағаз-қалам жастанам.

Толық

Қарап көріңіз