Өлең, жыр, ақындар

Ренжіме, шеше

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 37
Қайтейін, шеше, қайтейін!
Белгілі сізге, белгілі күзге жай күйім.
Жанарың жаста, қабағың әжім, қатулы,
Өмірің анау, өмірім мынау, әй, қиын!
Қайтейін, шеше, қайтейін!
Ән айтшы, аспан, еркіндік жайлы, жағымды,
Қиырсыз дала құлынын, білем, сағынды.
Сағындым күзді, сағынып жүрген кезімді,
Сағындым мұңды балалық тентек шағымды.
Адамдар мынау адамды мүлдем байқамайд,
Шимай да шатпақ ойымды тұман ой қамайд.
Жабылып ұрып кететін бұзық балалар...
Жабылып мұңдар...
Өмір де соны қайталайд.
Өткеннің сонау сағымдарынан келмес ем,
Қайдағы жоқты еске салады өр өзен.
Жалғыз едім ғой, сағыныш еді сырласым,
Жалғызбын әлі, сырласым да сол терезем.
Не істейін, шеше, не істейін!?
Алдыңда сенің байлықтың бәрі бес тиын.
Қамшылап тұршы, ағысқа қарсы шабайын,
Нұрыңмен бөліс, дауылға мынау өшпейін.
Не істейін, шеше, не істейін!?
Бұзықпын білем, бұзыппын талай мұрынды,
Бұза алмай жүрмін ішіме тынған мұңымды.
Өмір көшесін саяхат жасап күзетем,
Шамдары — жұлдыз, қара терезе — түнімді.

Білесің бе, шеше, адамдар аз шын күлетін,
Жалғанда таппай арманға жетер тірегін.
Кір-кір боп үйге қаңғырып келсем, ұрсушы ең,
Білесің бе, шеше, кірлемесінші жүрегім.
Ренжіме, шеше, ренжіме!
Мен салған сурет, әжім басты ма реңді де.
Бір тамшы жасың құласа, жаным садаға,
Қорғадың, жетер, қорғаймын сізді енді мен.
Ренжіме, шеше, ренжіме!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара моншақ сияларын тастап түн

  • 0
  • 0

қара моншақ сияларын тастап түн
кірпігіме,
мен кешеден бос қайттым.
Жанарымнан бөтелкелер домалап,

Толық

Тереземнен

  • 0
  • 0

Тереземнен –
тау көрем қалғыған,
Аспан көремін үсіген,
Жарық көрем жетпеген,

Толық

Неліктен біз...?

  • 0
  • 0

Мезгілімен жемістер де пісуде,
Мезгілімен жапырақтар түсуде.
Автобуста аялдама күтпей-ақ,
Неліктен біз асығамыз түсуге...?

Толық

Қарап көріңіз