Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз қаламын сені есіме алу үшін

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 22
Әдемі көздер, шұрайлы сөздер айласы бар,
Аңсаймын досты жүзінде нұр бар Айға сыңар.
Бақытты шақта қасымнан ылғи табылған,
Әй, бәтшағарлар, қайдасыңдар!?..
Білемін достар, досыңа мынау кектісіңдер,
Кектенбес бұрын кеудемде бүтін етті үзіңдер.
Дертімді түсін, әй, бауырлар, қайдасыңдар?..
Гүліме менің үшбу хатымды жеткізіңдер.
О, махаббат! Сен жайлы менде сыр айтылмас,
Жалғыз қалғанда ойлаймын тағы, ұнайды, рас.
Терезесінен қара аспанның бұлт көрінсе,
Көзілдірігі қабат үйлердің жылайды... жас.
Жетеді қалқам...
Түсімде көріп табысқаным,
Бақытың үшін сезіммен өзім алысқаным.
О, пәк махаббат! Кірлемес үшін асқақ атың,
Мен сенен қашық, алыстамын...
Өзіммен күзді, білемін, қайтем, ала келдім,
Саябақ суық...
Сезімге суып қала бердің.
Ғұмыры ұзақ қара аспанның шамдары ма?
Жұлдыздары ма қара жердің?..
Ақылың ұшқыр, сезімің терең, ісің мәнді,
Кетсек пе екен көктемге бірге ұшып мәңгі.
Жалғыз қаламын сені есіме алу үшін,
Жалғызсыраймын жалғызсырамау үшін мәңгі...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балалық сезім

  • 0
  • 1

Адам болмас теңі жоқ,
Сен секілді теңі кетсе — емі жоқ.
«Достығымыз мәңгілікке» деп едің,
Сол достығым махаббат қой шегі жоқ.

Толық

Жаз жанарындағы жас

  • 0
  • 0

Қалада: бұлыт исі, мұң исі.
Жаздың да алақаны сарғаяр
сүртем деп күздің жасын...
бұ несі,

Толық

Құстарым

  • 0
  • 0

Құстарым,
жандарым,
қош келдіңдер!
Сендерді қалай күткенімді білсеңдер ғой;

Толық

Қарап көріңіз