Өлең, жыр, ақындар

Сол баяғы...

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 24
Сол баяғы күз бағындай көңілім,
Сол баяғы қарапайым өмірім.
Мені іздеп телефонға үңілсең,
Сол баяғы өзгермеген нөмірім.
Сол баяғы себінемін әтірден,
Сол баяғы өмір сүрем хатыңмен.
Жаяу келіп, жаяу кеткен үйіңнен
Сол баяғы тесік табан бәтіңкем.
Сол баяғы жалғыз көше, жолдарым,
Сол баяғы тесік қалта шалбарым.
Сипалаған жүздеріңді аққұба
Сол баяғы тастай қатты қолдарым.
Сол баяғы қол жайғанда тілегім,
Сол баяғы жымиып тек күлемін.
Тоңғаныңда ызғарына жалғанның,
Сол баяғы жылытатын жүрегім.
Сол баяғы қара жұмыс, жан бағыс,
Содан кейде көріспеуші ек апта біз.
Келу...
Кету...
Соңғы орындық...
Терезе...
Сол баяғы 105-ші автобус.
Жапырақтар — жүрегімнің әр хаты,
Ақ жауын ғой ақ көңілдің шәрбаты.
Сені маған қия алмаған бұл шаһар,
Сол баяғы сырласым да Алматы.
Сол баяғы арман тұлпар шабысым,
Сол баяғы өзен мінез ағысым.

Кейіп кейде, сүйіп кейде сөйлейтін
Сол баяғы мұң аралас дауысым.
Көктен жауды қанша сезім?
Қанша жыр?
Сезім сіңген дымқыл көше жол жатыр.
Жаңбыр — сылтау...
Екеу едік бір болдық,
Сол баяғы бізді қосқан қолшатыр...
Дауысың да жете қоймас, ал шақыр!
Кеттің сәулем...
ізің сіңген жол жатыр.
Жаңбыр — сылтау...
Екеу едік, бір болдың,
Сол баяғы бізді бөлген қолшатыр.
Сол баяғы шақырады кең дала,
Сол баяғы жусан исі — ем ғана.
Өзгергенмен жүрегімнің тұрғыны,
Сол баяғы өзгермеген мен ғана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хор қызы жерге түскен пейіштегі...

  • 0
  • 0

Хор қызы жерге түскен пейіштегі,
Ақ сәулеңнен Айға айналды көр іштегі.
Қанатыңды Ібіліс кеп сындырды ма?
Нұр жүзіңнен көруші едім періштені.

Толық

Жырланған ғалам

  • 0
  • 0

Өшпейтінді қалайша өшіремін,
Ілеседі бұлттардың көшіне мұң.
Жаратқанның жаратқан туындысын,
Көшіремін өлең ғып, көшіремін.

Толық

Өлең болам өмірдің өрнегіне...

  • 0
  • 0

Өлең болам өмірдің өрнегіне,
Сезім мұңым соңымнан ермеді ме?
Айналамды қоршаған сұрақ белгі,
Айналдым ба тағдырдың ермегіне?

Толық

Қарап көріңіз