Өлең, жыр, ақындар

Бұлт жамылған Ай

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 23
Қараушы едім жанарыңа баласынып,
Өтті бәрі түс келді ғой таң асырып.
Жапырағын сұрап жатыр тіленші күз,
Жүрегімді іздеп жүрмін аласұрып.
Кетіп қалдың біздің бақтан басқа баққа,
Көзіме шық, әжім түсті қас-қабаққа.
Сен кеткен соң, менде кеттім сезімдерді
Жүрегімнен жұлып алып тастамаққа.
Сезімімді мұңдарыма асыраттым,
Жұлдыздарын жоғалтпайды шашып-ап түн.
Сезім толы жүрегіммен Айға кетіп,
Сәулелерін бар әлемге шашыраттым.
Жерге келдім жұмыр басын тастап Айдың,
Аппақ-аппақ мұңдарымды ластамаймын.
Сен сыйлаған сезім толы бұл байлықты
Қара көрге ала кетем, тастамаймын.
Түн...
Мұң...
Жұлдыз...
Отырмын ғой тынығып мен,
Қап-қараңғы бұл халімді ұғынып пе ең?
Жанарыңның сәулесін бір түсірдің де,
Кете бардың бұлт ішіне тығылып сен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоғалмас байлық

  • 0
  • 0

Жылады, жас жүрек жылады,
Сөнгендей кеудемде шоқ үміт.
Құлады, от жұлдыз құлады,
Қап-қара аспанға шомылып.

Толық

Сағындым...

  • 0
  • 0

Қош келдің көктем,
Қош келдің құстар,
Қош келдің!
Жапырақ бердің қайыңға мынау, дос бердің.

Толық

Жүр, қалқам, ауылға!

  • 0
  • 0

Себепшісі жүрегімде бір емнің,
Сені көрер сылтау бітпес білем мың.
Сен Алматы апортысың қып-қызыл,
Мен Меркінің арғымағы, күреңмін.

Толық

Қарап көріңіз