Өлең, жыр, ақындар

Амал жоқ сүйемін

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 29
Тек менде боран бар, бұлтым бар,
Жап-жарық бұл әлем нұрланған.
Уа, барымташы қыз қайтаршы,
Мендегі бақытты ұрланған.
Сен кеттің, көктемді әкеттің
Біздегі жап-жасыл бұл маңнан.
Табанға тапталды бұл бақта,
Сарғайған жапырақ мұңданған...
Бірақ та сүремін өмірді,
Еске сап біздегі сәттерді.
Сені де жіберем арманға,
Қолымнан ұшырып кептерді.
Тауға ма?..
Бұлтқа ма?..
Айға ма?..
Самғарсың мекен ғып көктерді.
Сезімнің шегін мен іздеймін,
Өрнектеп шегі бар дәптерді.
Несіне мұңаям, толғанам,
Сен жүрсің жанымда, бағымда?!
Тәкаппар сезімдер — сыңарың,
Мейірім тұншығып ағынға.
Сен мені мәңгілік ұмыт тез,
Соңғы рет жылап-ап сағын да.
Тек менің сезімім сөнбесін,
Уа, сезім! Уа, жүрек! Жалында!

Шырқалған көмейде ән едің,
Кеудемде күмбірлі күй едің.
Мен саған тым жақын боп кеттім,
Сәулеңе ып-ыстық күйемін.
Өзің кеп жандырған, өшірген,
Жүректе қарайған күйе мұң.
Туылдық, амал жоқ өлеміз,
Амал жоқ мен сені сүйемін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейірім Гүлі

  • 0
  • 0

Біз –
жабырқаған,
ашыққан,
сырқат пендеміз...

Толық

Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам...

  • 0
  • 0

Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам,
Жанарымнан таба алмассыз мұңымды сіз?
Адасқандар көшесінен мені көріп,
Шақырмадың...

Толық

Көзімде – күрең күз бар суықтау

  • 0
  • 0

Көзімде – күрең күз бар суықтау,
жапырақтары жалыққан, тоңған.
Кірпігім – ұшы жалаң бұтақтың,
Қыз саусағындай қорыққан...

Толық

Қарап көріңіз