Өлең, жыр, ақындар

Жас маман (таныстыру АйСаф ЖҚМ)

Таныстыру (жас маман)

1. Жас маман:
Жас маманмын өзім, жәутеңдейді көзім,
Қалай үйренемін жалғыз өзім?
Тәлімгер:
Мектепке қош келдің, менмін тәлімгерің,
Саспа үйретемін бәрін өзім!

Қайда жүрсің, өзің?
ҚМЖ-лар қайда?
Маған тексерт, көрсет,
Сабақ өте салма!

Жас маман:
Жаздым, бәрін түгел
Білмеймін ұнай ма?
Айтыңызшы қатем болса?!

Қ-сы:
Тәлімгер:
Жоспар қайда?
Ж.м:
Жоқ-жоқ!
Т:
Ойын бар ма?
Ж.м:
Жоқ жоқ!
Т:
Не өтесің енді түсінбедім?!

Күнделік ше?
Ж.м:
жоқ жоқ
Т:
ҚМЖ ше?
Ж.м:
жоқ жоқ.
Т:
Қандай мұғалімсің жаным өзің?


2. Тәлімгер:
Сағат жоқ болсада
Ақшасы аз болсада
Мұғалімнің көркі ой мен сана!

Жас маман:
Жұмыс көп болса да,
Уақыт аз болса да,
Үйреніп-ақ қалдым жұмысыма!

Т:
Сен жассың, жассың
Үйренесің әлі.

Ж.м:
Мен жаспын, жаспын,
Үздік болам әлі,
Әлем танитын ұстаз болам!

Қ-сы:
Т:
Жоспар қайда?
Ж.м:
Бар-бар!
Т:
Ойын бар ма?
Ж.м:
Бар-бар!
Т:
Күнде осылай талмай шын дайындал!

Күнделік ше?
Ж.м:
Жаздым.
Т:
ҚМЖ ше?
Ж.м:
Салдым.
Т:
Қандай мұқиятсың жаным өзің?!

Ааааа, аааааа, аааааа!

Бірге:
Бізде үздіктер көп-көп,
Әлсіз маман жоқ-жоқ.
Жасай берсін АйСаф жылдан жылға!
Жас мамандар алға,
Биіктерге самға,
Озаттардан болсын жас ұстаздар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз