Өлең, жыр, ақындар

Ай сияқты бейкүнә бола алмадым

  • admin
  • 24.04.2024
  • 0
  • 4
  • 337
Ай сияқты бейкүнә бола алмадым,
Көлеңкем де түн кезер Айға ілесіп...
Кірпігімнің желкені жағалауда,
...Жанарымда дірілдеп Ай сәулесі.

Бола алмадым жап жасыл жапырақтай
Ай иегін сипаған.
Тәнім әлсіз –
жасы тамған өмірдің, топырақ па?..
...Ештеме жоқ өмірде мағынасыз.

Күміс нұрға қанаты малшынып ап
Ұшып, қонад жапырақ.
Бақ қарайған...
Іле салып тәнімді тал шыбыққа
Айға айналып кетер ме ем,
аппақ Айға!..



Пікірлер (4)

Мен

Шоқан Уәлиханов әні дедім қане ол мүлде көрчетпегенсіздер саттың атына Шоқан Уәлихановтың өлеңдері деп жазып қойғансыздар ал ішкі жазуында мүлже басқа нәрсе жазылған мен сіздерді осы түсінбеймін не бір тақырыбын дұрыстап қойыңыздар, не бір ішкі жазуын дұрыстап жазыңыздар

Омар

Жақсылап іздесең табасың, барлығы бар

Инжу

Жарыс

Инжу

Жарысқа қатысамын

Пікір қалдырыңыз

Біз студентпіз, жалынбыз!

  • 0
  • 0

Қаланың мынау мінезін бөтен аңғардым,
Ауылдың қара баласы едім аңғал тым.
Үлкен шаһарда кішкене жүрек соғады,
Сезбейді соны, сезбейді неге!?

Толық

Сағындым...

  • 0
  • 0

Қош келдің көктем,
Қош келдің құстар,
Қош келдің!
Жапырақ бердің қайыңға мынау, дос бердің.

Толық

Терезем алды жанары боталап

  • 0
  • 0

терезем алды жанары боталап,
іңгәлап жылайды жапырақ – шақалақ.
Бүгін тағы түн шөгіп, зәрреге сіңді...
Маусым, уақытты кешіп келеді,

Толық

Қарап көріңіз