Өлең, жыр, ақындар

Ескіден қалған сөз теріп...

  • 14.04.2015
  • 1
  • 2
  • 12556
Ескiден қалған сөз терiп,
Өз ойымнан өң берiп,
Yйретудi жөн көрiп,
Түзетпек едiм адамды.

Қышыған жерiн қасуға,
Әдiлет жолға басуға,
Алдына салып ашуға
Жақсылық пен жаманды.

Ешкiм бұған сенбедi,
Өз қылығын жөн дедi,
Көре тұра көнбедi,
Кетiрдi қуат-шамамды.

Мұндай елде туғанша,
Бұл сағымды қуғанша,
Еркiн тiлдi буғанша,
Жеткiзсе неттi қазамды.

Адамшылық мiндетiм
Айт дейдi адам iндетiн.
Ерiксiзбiн, шын ниетiм,
Алды деме мазамды.

Демеймiн менi ел бiлсiн,
Не ұнасын, не күлсiн.
Ел бiлмесе, жел бiлсiн,
Жүректен шыққан назамды.

Түзулiк көрсе, күйленген,
Зұлымдық көрсе, жиренген.
Күншiлдiк найза түйрелген,
Қызыл тiлiм, кел берi!

Тамам жанның мiнiн айт,
Жалған айтпай, шынын айт.
Аяп, iшiң жылып айт,
Адамды бастыр iлгерi!

Сөккенiң болсын – сүйгенiң,
Достығың болсын – күйгенiң,
Ащы тiлмен тигенiң –
Жоғалсын деп мiндерi!

Мақтанды деп күлер де,
Кейбiр миға кiрер де,
Бiреу сырын бiлер де,
Кете берме тым керi!

Мұнша неге сасқамын,
Аяқты шалыс басқамын.
Аптығып неге асқамын?
Ел жаратқан мен емес!

Сыртқы сөзiң шын болса,
Iшiң толған жын болса,
Жүрегiңде мiн болса,
Айтқан сөзiң ем емес!

Жүрегi таза адамдар,
Зұлымдықтан амандар,
Қиянатсыз надандар
Әулиеден кем емес!



Пікірлер (2)

Нұргүл

Шəкəрімнің əндері керек

Пікір қалдырыңыз

Қазақ

  • 2
  • 2

Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа.
«Анау – қу, мынау – пысық, мен – батыр» – деп,
Айналды бірін-бірі құрытпаққа.

Толық

Қырық жылдан өтіп жасым...

  • 1
  • 1

Қырық жылдан өтiп жасым,
Ақылым болды сырласым,
Отыз жылдық замандасым,
Иманым – басшы жолдасым.

Толық

Сөз сынап, өлең өлшемен

  • 0
  • 1

Сөз жазамын түнімен
Бар ұйқымды қашырып.
Тығып қойман мұны мен
Еш адамнан жасырып.

Толық

Қарап көріңіз