Өлең, жыр, ақындар

Алтын кітап

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2738
Дала деген бір ұлы ақын
Оның жомарт қаламынан
Жұтқан жаздай күн қуатын,
Қызыл толқын ағады дән.

Жанбаса егер әр күн тұтап,
Түсер ме ойға тегін өлең.
Жазды дала алтын кітап,
Елдің маңдай теріменен.

Жазды оның әрбір жолын
Жасыл бұлттың жаңбырымен.
Жазды оның әрбір жолын
Қызыл арай таң нұрымен.

Кең даланың әрбір дәні
Жарқырады жұлдыз болып.
Жаздың нұрлы жаңбырларын
Күзде жерден жүрміз теріп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғыс — сойқан

  • 0
  • 10

Қараңғыда көрген жоқ оны ешкім де,
Келе жатты ұрланып соғыс түнде.
Келе жатты ол қап-қара, бүйі болып,
Жолбарыс боп жалаңдап жол үстінде.

Толық

Дала ауасы

  • 0
  • 0

Тербеледі толқындай жер көгеріп,
Машиналар тоқтайды көлге келіп,
Көл бетінде жатады байтақ аспан
Бауырына бұлтын ап дөңгеленіп.

Толық

Арман қыз

  • 0
  • 0

Сыр бойында бір қыз бар,
Көруге асық жігіттер.
Жерде жанған жұлдыздай,
Бәрі содан үміткер.

Толық

Қарап көріңіз