Өлең-жыр байқауы

Әже туралы ән

  • admin
  • 06.03.2016
  • 0
  • 23
  • 55623
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

Басқа да өлеңдері

Батпақ

  • 0
  • 1

Батпақ емес жай ғана
Бұл араның батпағы,
Жүре алмайды тайғанап,
Адам түгіл, ат-тағы!

Толық

Шопан

  • 1
  • 4

Тұрмын деп астанада, нән қалада,
Алмаймын таңдана да, паңдана да,
Біз жүрміз автобуста сығылысып,
Сен болсаң бір өзіңсің маң далада.

Толық

Көшпелі құм

  • 1
  • 1

Көк шапан жамылмаған тал-ағаштан
Құм өзі аумайды екен жалаңаштан.
Жабайы жылқы ма екен
Жігіт желге

Толық

Пікірлер (23)

Жанат

Сөз жоқ☺.Өте керемет жазылған өлеңдер.

Сабина

Мыкты екен. Осындай андер коп болсыншы

Айбол

Керемет!Қадыр Мырза Әлидің өлеңдері әрдайым ұнайтын еді

бағдагүл

Бағалау керек тек қана!

Сымбат

Керемет

Құпия

Керемет!

Султан

Айтарға соз жоқ керемет

???

Келісем өте керемет !

ШУГЫЛА

КЕРЕМЕТ ЕКЕН

Жансұлтан

Ия менде келісем өте керемет өлең қазіргі өлеңдерден жүз есе мықты

АЙДАНА

Кадыр мырза алидин олндери керемет жазылган

Лаура

Керемет əн сөздерінің мағынасы жақсы

Аманғали Аружын

Өлең керемет жазылған
Мəн мағынасы бар

Ерсұлтан

Əже деген бұндай сөз,
Нағыз алтын күшті сөз.
Құшағы мен пейілі,
Ертегі айтып береді.

Ерсұлтан

Керемет. Рахмет☺

Гаухар

Керемет☺️☺️☺️

Сымбат

Қадір мырза али өте керемет...

Абдіхалық

Шынымен керемет☺☺

Ақтоты

Керемет күшті әрі керек ән екен.

Ақтоты

Керемет.

Пікір қалдырыңыз