Өлең, жыр, ақындар

Мен ғана

Жаныңды сенің ұғатын,
Алдыңнан күліп шығатын.
Ұзап кетсең сәл ғана
Сағынып сені тұратын
Мен ғана...

Қиындығыңмен бөлісетін,
Қуанышта да көрісетін,
Сағынып бір жеткенде
Құшақтасып, өбісетін
Мен ғана...

Қателігіңді кешіретін,
Жақсы атыңды өсіретін.
Шалыс бассаң әрдайым
Шын жүрекпен түсінетін
Мен ғана...

Өмірлік серігің болатын,
Қабағыңнан бәрін ұғатын,
Еркелетіп бала-шағаңды
Өзіңе еркелеп тұратын
Мен ғана...

Құшағын жайса кең дала,
Жаныңда болам мен ғана.
Кез келген сырқат пен дертіңе
Боламын, жан жарым, мен дауа.
Жан дауаң сенің мен ғана...
Мен ғана...

Тоғжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз