Өлең, жыр, ақындар

Келмей бір кеттің...

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3222
Келмей бір кеттің,
Келер деп күттім қаншама,
Күтуге әлі қуат пен шыдам, бар шама.
Елеңдеп жүрмін, келер деп жүрмін мен әлі,
Жолыңа сенің қараумен жанар талса да.

Келмей бір кеттің,
Келмеске кеткен жан сынды.
Мұңға бір батып әз жаным қанша жаншылды.
Сен келіп тағы сағынған жүрек тыншыр ма,
Ақтара алсақ серуенге шығып бар сырды.

Келмей бір кеттің,
Қаларсың мүмкін келіп те,
Өзіңсіз тіпті жазылмай кетті, тіпті өлең.
Шабытты шақтар сен барда ғана екен ғой,
Жырларым қанша жазылып қойып бітпеген.

Келмей бір кеттің,
Түсінбей жүрсің сен, бәлкім,
Ұшырар дейсің бақытын босқа қолдан кім?
Сен мені мүмкін, ұмытып кеткен шығарсың,
Ал, өзім күнде сен жайлы күнде толғандым.

Келмей бір кеттің,
Келмесең келме, не етермін,
Бір сені жырлап тынбастан, бәлкім өтермін.
Азабым ба едің, тағдырым ба едің, сен менің,
Не болса-дағы барлығын соның көтердім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қолыңды ұсын

  • 0
  • 0

Бағым ба едің, әлде сен, сорымбысың.
Баққа барар баспалдақ, жолымбысың?
Бәлкім мені мазалап жүр шығарсың,
Сонда дағы, қалқам-ау, қолыңды ұсын.

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

Бұрын біздер бақытты едік,
Нәр алған көктен, күз-күннен.
Есімде қазір...
Өзгеріп кеттік біз мүлдем.

Толық

Егер сені алдаса өмір

  • 0
  • 1

Егер сені алдаса өмір,
Қайғырма және қамықпа.
Үміттенуден танбаса көңіл,
Кездесер бақыт, байлық та.

Толық

Қарап көріңіз