Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз тілегі

  • 30.05.2016
  • 0
  • 1
  • 23066
Жылдар бір жылдарға жалғанып,
Зыр қағар уақыт жүрдек-ті.
Мінеки, ұядан қомданып,
Түлегі ұшатын күн кепті.

Әлі ертең алдағы күндерде,
Дейсіңдер осылай түледік.
Қоңырау үнімен сендерге,
Сан мәрте жақсылық тіледік.

Оқыттық, өмірге баулыдық,
Жемісін көрерсің күні ертең.
Түлек боп тұрсыңдар ал бүгін,
Сендерге қуанып тұр өлкең.

Лайық шәкірттер болдыңдар,
Сәттілік тілейміз тағы да.
Гүл өмір кездессін алдыңда,
Жетіңдер өмірдің бағына.

Салатын қимастық көңілге,
Шәкірт күн осылай өтпек-ті.
Еске алып жүріңдер өмірде,
Ұстазды және ыстық мектепті.



Пікірлер (1)

Сарыкулова Жазық Кенгесовна

Өте жақсы жоғары деңгейде сізге көп рахмет өлеңдеріңізді пайдаланып жатырмыз

Пікір қалдырыңыз

Рақмет, ұстазым, мың алғыс!

  • 0
  • 2

Үйретіп өмірде тағылым,
Ұстаздық көңілмен сендіңіз.
Ұқтырып тіршілік тәлімін,
Жетелеп бұл шаққа келдіңіз.

Толық

Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші

  • 0
  • 1

Ұластырып бір шаттыққа күндері мен түндерін,
Ілестіріп қуанышқа думан сүйер дүрмегін.
Бабалары шежірелі тектен тарап өрбіген
Бір әулетке түсіп жатыр тағы, міне, бір келін.

Толық

Жас ұстазға тілек

  • 0
  • 1

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Толық

Қарап көріңіз