Өлең, жыр, ақындар

Әкесінің қызы

  • 13.07.2016
  • 0
  • 2
  • 22419
Тілейді әке ұлға да - ырыс, қызға - бақ,
Соны ойласа, талай кеуде сыздамақ.
Шаңырақтың иесі егер болса ұл,
Қыз - еркесі, қыз - өрісі, қыз - қонақ.

Сыйластықпен талай көңіл ұғысқан,
Дәстүр үшін ұстанса егер ұл ұстам.
Талай қыз да әкеге сай болам деп,
Ұлдан бетер намысына тырысқан.

Жетелейді тіршіліктің толқыны,
Қыз дәурені - шығар қыздың төркіні.
"Жақсы әкенің қызы едің" дегенде,
Талай жүрек тебіренді, толқыды.

Бал күнді ойлап, көңіл кейде жасармақ,
Өткенімен қымбат өмір қашанда-ақ,
"Жақсы әкенің ізі едің" дегенде,
Талай жанар қалды ма екен жасаурап.

Әке, перзент - көңіл іштей ұғысты,
Сол ұғысу аша түсер тынысты.
Талай ару мына өмірде әкенің,
Жүзін жерге қаратпауға тырысты.

Демейді өмір аруды әр кез сынайық,
Тағуға да құмар емес мың айып.
Жақсы әкенің қыздары да сонда да,
Болу керек шығар соған лайық.

Қабағында арулардың күн күлсін,
Жан байлығын сол күлкісі білдірсін.
Талай әке тәліміне өз қызының,
Мақтанып та жүрген шығар, кім білсін.



Пікірлер (2)

Жази

Акеге деген сагыныш.

Жази

Мен акемди корген емеспин турин билмейм

Пікір қалдырыңыз

Ана тілегі

  • 0
  • 0

Аға-інінің бауыры едің, гүлім сен,
Бойжетіпсің, ой түбіне үңілсем.
Қызым менің, жаңа өмірге жол салдың,
Баққа ұмтылып бара жатсың бүгін сен!

Толық

Жеңге тілегі

  • 0
  • 0

Аға барда жайыңды әр кез ұғатын,
Сондықтан да бағаң биік тұратын.
Сен де енді мақсаты мол өмірден
Қалап апсың қыз жолының мұратын.

Толық

Ананың бөбегіне тілегі

  • 0
  • 0

Бүгінгі күн ерекше күн, ерек күн,
Сәбилердің күлкісі де бөлек тым.
Бүгінгі күн ата-ананың үміті
Шаттық тойы былдырлаған бөбектің.

Толық

Қарап көріңіз