Эссе және өлең-жыр байқауы

Мен онымен қай кезде көрісемін

  • admin
  • 22.07.2016
  • 0
  • 0
  • 5706
Мен онымен қай кезде көрісемін?
Қашан?
Қашан?
Айтшы сен соны, сенім?
Мен қашанғы аңсаумен аласұрып,
жүрегімді, миымды таң асырып,
тарта берем күтудің мұңды азабын,
тағдыр қашан қояды бұл мазағын?
Көрмей, құшпай, қашанғы сенделемін,
естілсеші сен жақтан бір ғажап үн
Қашанғы енді мен сені ұмытпаймын,
қашанғы іште жатады ұлып қайғым?
Қашан, қашан ұшады сағым болып
жүрегіме ілінген құлыптай мұң?
Мен қашанғы ішімнен шыңғырамын,
қашан, қашан басылар бұл құмарым,
ей, адамдар, айтсаңшы біреуің кеп,
қандай емнен жазылар жынды жаным?
Неге осы мен өзгеден басқарақпын,
неге жұртқа шат жерде - жасқа баттым?
Басқалардай неге мен елтімеймін
самалына, көркіне бақша-бақтың?
Жерік әйел секілді есім ауып,
неге саған осы мен ашқарақпын?
Басым дал-дал. Білмеймін
немен, қалай тынарын бұл күндерім,
қалай қуам көңілдің бұлтын, желін;
немен басам, білмеймін, жанымдағы
мизам күнгі найзағай күркілдерін...
Жанар - найза, ішім - от, қол дәрменсіз,
жауға алдырған батырдай жұртын, жерін.
Келем көзсіз дауылда арпалысып,
саған жетіп құлауым мүмкін менің.

Басқа да өлеңдері

Ашыну

  • 0
  • 0

Құртқым келмейді ешкімді,
Не дейді маған осы жұрт?
жер бетінен көшіріп
не жазықсыз өшігіп,

Толық

Шаршадым-ау

  • 0
  • 0

Шаршадым-ау...
Қайтсем енді тыныштық табар жаным,
жүйке менен жүректі тарамдадым.
Ләззат ап әрнеден басқалардай

Толық

Сен қайда жүрсің

  • 0
  • 1

Сен қайда жүрсің,
мені осыншама сағындырып,
жүрегімді лаулатып жалын қылып?
Мен сені іздеп жүрмін

Толық


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...