Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік!

  • 15.09.2016
  • 0
  • 28
  • 186579
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,
қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!



Пікірлер (28)

Бақыт

Өлеңдеріңіз керемет жазылған.Сіздің өлеңдеріңізді оқушыларыма жаттатып,мәнерлеп оқу байқауына қатыстырып жүрмін.

камшат

оте керемет олен

Лиса

өте керемет өлен менің ойымша ен күшті мағыналы өлен деп ойлаймын

Жанат

Ғажап өлең , əдемі ғажап өлең
Осы ғашық боп қала берем

Малика

ӨТЕ КЕРЕМЕТ МЕН ОСЫ ӨЛЕННІҢ АРҚАСЫНДА 1ОРЫН АЛДЫМ

Əлібек Айжан

Өте əсерлі

Жiбек

Ақындардың тәуелсіздік туралы өлеңдерін ақынның атымен өлеңнің атымен жазып жіберіңіздершi жалынам бүгін керек

Арайлым

Өте керемет. Осы өлеңнің арқылы 2орын алдым.

Айка

Керемет өлең. Мағанда қатты ұнады.Бірақ біз мектепте Қаламан Сариннің тәуелсіздік туралы бірақ басқа өлеңін жаттадық

Бахыт Кәрімқызы

Жырларыңыз өте керемет,мағыналы тамаша жазылған екен. Маған ұнады.Ісіңізге сәттілік.

Жаня

Маган унайды осы оленыз мулдем есымнен шыкпайды

Ақсауле

Маған қатты ұнады

Айгул

Оқушы бойына патриоттық сезі тудыратын ғажайып туынды

Айдана

өз өзіме сəттілік тілеймін ертең олимпиадада осы өлеңді айтамын

Оразмұхаммед

Өте керемет өлең екен. Патриоттық өлең

Жанерке

Шынымен ақ күшті екен

Арысбек

Жақсы мағналы өлең өзіндік бір ерекшелігі бар маған ұнады

Айзат

Өте керемет.

Виктория

Мяя мен орыс болсамда осы оленды цнатып калдым

Айзере Кенжебаева

Өте керемет маған ұнады тек көп болса оданда керемет еді

Тәуелсіздікті бұдан артық жырлау мүмкін емес-ау .

Рахмет,жігер мен шаттыққа,намысты жандыратын өлеңдеріңіз үшін.

ӨМІРЖАН ЖАНИТОРЕ

күшті

Myrza

Өте керемет!

Parasat

Оте кушти магыналы олен!

Әбіләз

Керемет өлең.

Алмас

Өте əсерлі

Баха

Әсерлі өлең

Баха

Арал

Пікір қалдырыңыз

Алланың бары ақиқат

  • 0
  • 1

«Алладан басқа жоқ Тәңір,
Мұхаммед – оның елшісі».
Соны айтып жаннат баққа кір,
Иманың – жанның емшісі.

Толық

Астана

  • 0
  • 6

Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан.

Толық

Тесіктас

  • 0
  • 0

Саған деген көңілдегі күй – үнім,
Сағынышым, сан мың мақам иірім.
Таңғажайып тағдырың бар, Тесіктас –
Сенсің менің ең алғашқы биігім!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер