Эссе және өлең-жыр байқауы

Гүл сезім

Жүрегім бүгінде жаным-ау, жырлады
Белгісіз сезімнің махаббат сырлары
Аяла, сен мені, аяла тағы да,
Ыстық-ау құшағын сезімнің гүл бағы.
Сырыңды ұғармын қараған көзіңнен.
Ұғармын жырыңды тіл қатқан сөзіңнен,
Бүршіктеп жүректе сырымен сырғалар,
Керегі жоқ ешкімнің жалғыз-ақ өзіңнен
Ұялап жүректе қарлығаш қонады,
Сен деген гүл сезім бақыт боп орнады
Ұшырып алмасқа не амал бар екен?
Сен деген бір ойлар мазалап болмады.
Көктегі айдын да күні бар сыңары,
Бір сендей өзіме жемістің шыңары
Сыңары күннің де батады қызарып
Күннен соң ғашықтар түні кеп тұрады.

Басқа да өлеңдері

Тәуелсіздік

  • 0
  • 1

Қазақ деген қалың жұртым тасыған,
Қилы кезең бәрін кештің басыңнан
Еркіндікті қалап едің, қыран құстай самғадың,
Ұлағатты бастау алып асыл сөзден,нақылдан.

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Жүктелуде...