Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл Жабаевқа арнау

Биік ұстар қазағымның намысын
Тарлан едің тым ерекше шабысың
Көк байрақтай көтереміз биікке
Жаралған жан қазағымның бағы үшін
Ақын едің өлең жазар жүректен
Кезіңіз жоқ көңілді бір жүдеткен
Сегіз қырлы азаматсыз дарынды
Ұлы жүздің Екей руын түлеткен
Дәріптеген қазақ атты ұлтыңды
Тұнған тарих еңбегіңіз бұл күнгі
Біздер оқып ғибрат алып жатырмыз
«Көрұғлы» мен «Өтеген батыр» жырыңды
Жұмыр жерге атың мәлім Жамбылым
Дарынды ата біздерге үлгі әр ісің
Сіздегі бар қасиеттер ерекше
Кейін қалған ұрпақтарға дарысын



Пікірлер (4)

Елдос

керемет

Мария Алимбетова

Өте жақсы Ақкенже. Шалқар шабат тілеймін

Мария Алимбетова

Өте жақсы Ақкеже шалқар шабыт тілеймін

Зере

Рахмет көп көп Ақкенже Өмірбаева

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз