Өлең, жыр, ақындар

Қожабақы боздақтары

  • 08.04.2017
  • 0
  • 0
  • 2806
(1999 жылы жазылған «Қожабақы боздақтары» әнінің өлеңінен)

Сұрапыл соғыс бұзды да
Тыныштық бейбіт ақ таңды.
Қожабақының төрінен
Азамат жауға аттанды.

Сезбейсің сырғып санаңда
Уақыт жылжып озғанын.
Іздей ме ұрпақ бүгінгі
Қожабақылық боздағын.

Шығарып салып жан жары,
Көз жасы қалды төгіле.
Боздақтар қанша қайтпады
Қожабақының төріне.

Сезбейсің сырғып санаңда
Уақыт жылжып озғанын.
Іздей ме ұрпақ бүгінгі
Қожабақылық боздағын.

Боздақтар қосқан үлесін
Жеңіспен бірге келді леп.
Сұрапыл отты көргендер –
Қатары қапты селдіреп.

Сезбейсің сырғып санаңда
Уақыт жылжып озғанын.
Іздей ме ұрпақ бүгінгі
Қожабақылық боздағын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс

  • 0
  • 2

Сәулесін шашып түнекке,
Ысырып жауды жер-көктен.
Қасірет тұнған жүрекке
Жеңіс боп келді сол көктем.

Толық

Жанкүйердің болған сәтте алаңы

  • 0
  • 0

Медальдарға толды ма елдің сандығы,
Маринадай енді Сырдың бар гүлі.
Деуші едік-ау бокс қызға тән емес,
Бекер екен енді мұның барлығы.

Толық

Еркектің өзі - бір әлем

  • 0
  • 0

Болмады да тағдыр жолы өтімді,
Талай ару әлденеге өкінді.
Жігіт деген экспресс заулаған,
Ал арулар аялдама секілді.

Толық

Қарап көріңіз