Өлең, жыр, ақындар

Абай мен Шәкәрім

Дүниеге қайта келмес дара жандар
Жаныңа дара тұтқан туған халқың.
Өсиеттері санаңа азық болар,
Өлеңдері жырлайды өмір салтын.

Естіп біліп, көз көріп, ойға салар,
Өткен күннен адамзат үлгі алар.
Ұлы дана Абайдың жырларынан,
Мәңгілікке өлмейтін белгі қалған.

«Үш-ақ түрлі өмір бар бәрі де мас»,-
деп жырлайтын Шәкәрім ойсыз болмас.
Өмірдің қиындығын шын ұқпаған,
Өмірде өз бақытын еш таба алмас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз - барша ұлтқа ортақ мереке

  • 0
  • 0

Наурыз – думан, Наурыз – жыр көктем,
Көңілде шаттық шуағын төккен нұр көктем.
Ұлы күнде береке, бақ, ырыс қонған,
Ұлыстың ұлы күнгі - Наурыз көктем.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар