Өлең, жыр, ақындар

ҰБТ-2017

  • Grant
  • 09.06.2017
  • 1
  • 1
  • 3139
Көрінбестей бұл сұрақтың жауабы,
Көз алдымда бұлыңғыр бұлт тұрады.
Болашақта кім боласың?
Не етесің?
Барлығының маған қояр сұрағы:

Кезде келді-ау болашақты таңдайтын,
Әр қадамды өлшеп барып аттайтын.
Түні бойы ұйықтамай,
Көз ілмей.
Том-том парақ,
Тестті алып жаттайтын.
Таңдауыңнан қателессең егерде,
Оңбайсың-ау,
Оңбайсың-ғой,
Оңбайсың.

Экзаменге үш ай қалды жырақтап,
Жүрек шіркін,
Тұра алмайды тұрақтап.
Ақын болып туғасын ба?
Құрығыр,
Арманымнан әрі кетем құр аттап.

Экзаменнен жоғары балл жинаймын.
Жинаймын да,
Ана үмітін ақтаймын.
Грантқа тағы түсіп қуантып,
Төрде отырған әкемді кеп мақтаймын!

(с) Ернар ЕРГЕШ



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз