Өлең, жыр, ақындар

Алыптар үндестігі

Ойлар жүрді мазалап күнде-түнде,
Абадай бар ма біреу бұл өмірде?
Сүңгіп көрсем ойымның жетегіне,
Бар екен ғой ақындар үндес бір-біріне.

Ақындарымен қазақтың теңестірсем,
Ерекше ғой бәрі де шет-шетінен,
Қаны бар деп,көрдім Шәкәрімді,
Тұстас болды екеуі әр қырымен.

Қос ақын да рух береді қаныма,
Поэзияның сән береді әр қырына
Өлеңімен өз халқын сусындатқан,
Мың тағзым қазағымның тауларына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анашым

  • 0
  • 0

Өмірде бақытың барыңмын,
Сені іздеп ерекше сабылдым.
Ақ қозым,Ақылдым деп айтар,
Анашым сөзіңді сағындым.

Толық

Мақтанышы қазақтың!

  • 0
  • 0

Бұл кезекті болсын сенің жеңісің,
Жеңісіңнің, көре бергін жемісін.
Сені алға жетелейтін тағы бір
Намысың бар,ең бастысы ер үшін.

Толық

Кеше кім едік? Бүгін кімбіз?

  • 0
  • 1

Қазағымның тарихы бар тасқа басқан таңбадай,
Қазақ деген бірге өскен, бай-кедей деп таңдамай.
Қазір мүлде басқашамыз, көкірекпіз, менменбіз,
Қайран қалам, өзгерген бұл, заманым ба аллам ай!

Толық

Қарап көріңіз