Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали – Жыр Сұлтаным!

Жырларың өлеңіме үлгі болды,
Сұр жылдары жаман ойға сүргі болды.
Өзің қайта келмесеңде жырың гүлдеп
Бүршік атты баққа бөлеп күллі жолды.

Кей жырларың самал болып еседі,
Еске алдырып құшралықты кешегі.
Кей жырларың дауыл ғой құйындаған
Кей жырларың бақыты елімнің еселі.

Ғашық жандар жырыңды оқып алып
Махаббатын жан –жарына білдірген.
Қос ғашықты «еріткен мұз денені»
Табыстырған жырың бекен кім білген?!

Тереңге тарап өшпейді жыр бұтағың,
Қастерлеймін өзіңді пір тұтамын.
Эстафета жасаймын ұрпағыма
Мұқағали есіміңді Жыр Сұлтаным!


Бимырзаева Әсел Маханбетқызы
Түркістан қаласы
№17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі



Пікірлер (1)

Мади на елубай

Мұқабалы атамызға олендер

Пікір қалдырыңыз

Жанбаған жалындамайды

  • 0
  • 0

Жанбаған жалындамайды,
Түнек қып мынау маңайды.
Маздаған шоққа үміт бер
Жарық қыл жан сарайды.

Толық

Ақ орамал

  • 2
  • 1

Дәстүрім бақыттың бастауы боп,
Ақ келінге ақ орамал таққызған.
Шала жанбас шырақтың жақтауы боп,
Ерте сөнбес «ертең»шамын жаққызған.

Толық

Кешігіп жеткен ұйқастар

  • 1
  • 0

Ұзақ көңіл бөлмесем,
Бұл – уақытсыз дедің бе?
Сенсіз қалып өзгеше,
Бұл – бақытсыз дедің бе?

Толық

Қарап көріңіз