Өлең, жыр, ақындар

Жүрек кінәлі


Жүрегім ақылымнан таяқталды,
Мәңгілік махаббат та саяқ болды.
Екі жылға созылған бұл хикаят,
Екі сағат ішінде аяқталды.

Бас болман шашыраңқы керуенге,
Құс пенде құлай ұшқан сен де мен де.
Елес болған жадымның бақтарына,
Күнде шығам мен жалғыз серуенге.

Білмегенсің білуге тырыспағын,
Көрмей ақ қой құсымның бір ұшқанын.
Өкініш пен қайғының суын ішкен,
Жүрегіме тікені бар гүл ұстадым.

Жаныма батып барат(ды) қайтем енді?
Білмеймін өзге болса қайтер еді?
Жанымның қақ төрінен орын тепкен,
Құлап барат(ды) жүректің бәйтерегі!



Пікірлер (1)

Файзолла

баспен ойлау керек қой

Пікір қалдырыңыз

Толғаныс

  • 0
  • 0

Аламан тағдыр,
Көнбесің бар ма?
Мың түрлі жандар,
Ұмтылған алға!

Толық

Саған

  • 0
  • 0

Таудан аққан бұлақтай,
Шыңға шықсам құлатпай.
Саған деген гүл сезімді үзгенің бе?
Қалғаның ба жаным мені ұнатпай?

Толық

Өкінген

  • 0
  • 0

Буырқанған бұлақ сезім бастауы,
Бұлтқа оранған сезім бақтың аспаны.
Сүйгені үшін қатты өкінген бұл жүрек,
Ет есігін мәңгі жауып тастады.

Толық

Қарап көріңіз