Кітаптің қадiрi

Кітаптің қадiрi.

Байланып ғаламның торына,
Жығылдық желінің жолына.
Сайттың түр түрін оқимыз,
Кітапты оқудың орнына.

Кітаптың ашылмай парағы,
Сөреде сарғайып барады.
Кітапхана есігін көрсетпей,
Клубқа жұмсаймыз баланы.

Кітапқа құмартса баламыз,
Қияли болды деп қаламыз.
Сипатып сотканы сəбиге,
Уланып барады санамыз.

Окыған əдеби шығарма,
Қазақта көп болған ғұлама.
Соткаға сүйенген бүгінгі,
Ұрпақтан ұлылық шығама?

Жүзіндей еріген сынаптың,
Уақыт аз білімге бiр ақ күн.
Оқытайық баланы жас күнде,
Құндысын ұқтырып кітаптің.

Досболат Санат.

Басқа да өлеңдері

Өмір ғажап!

  • 4
  • 4

Бұл әлемде керектінің бәрі бар,
Еңбек етсең іздегенің табылар.
Жүрер болсаң тек адалдық жолында,
Бақытыңның шырағы да жағылар.

Толық

Ризамын саған тағдырым.

  • 4
  • 1

Өзегімнен тепсенде,
Бақытсыз етсенде.
Талай жерде сүрініп,
Құлап құздан кетсемде.

Толық

Қарт əже

  • 7
  • 2

Күз ,бұлтты аспан ,дауылды күн,
Төгіп тұр көктен жерге жауын бүгін.
Бір əже кетіп барады көше бойлап,
Көтере алмай қолдағы ауыр жүгін.

Толық

Пікірлер (7)

astana2017

Өте тамаша!

Шығармашылығың шыңдала берсін!

Гүлназ

Санат қанатың талмасын! Қаламың мұқалмасын!

Adilbekbb

Санат, сенің жазған өлеңдерің маған өте ұнады! Болашақта сенен үлкен жетістіктер күтемін. Шығармашылығың шыңдала берсін!

Zhauzhurekmakpal

Жарайсын Санат! Оте тамаша жазылган 

Жанат

Санат бауырым қанатың талмасын. Жеңімпаздар санатынан көрейік сені.

Сааттын апасы

Санат, шыгармашылык шабыт тилеймин!

Nurbolatkyzy

иә, кітаптың орны қашанда бөлек ... 

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)