Эссе және өлең-жыр байқауы

Иман хақында

Қадір түнге жетер түн бар ма?
Шындыққа жетер үн бар ма?
Мұхамедтен (сғс) асқан жан бар ма,
Құран сөзінен асқан мән бар ма?!

Хиджабтан асқан сән бар ма,
Сәресіден артық дәм бар ма?
Исламға кел бауырым
Көкірегіңде шаң бар ма?

Намаздан артық сәт бар ма,
Жәйнамаздан артық тақ бар ма?
Тыйым мен парызды орындамай
Аллаһқа қарар бет бар ма?!

Жұмадан асқан күн бар ма,
Кішіпейілділіктен асқан шың бар ма?
Қанағаттан артық құн бар ма,
Халқымнан артық мұң бар ма?

Айттан асқан той бар ма,
Имандыдан артық бай бар ма?
Тілек тілеп қал ағайын
Рамазан дейтін ай барда!
Авторы: Акижанова Гульнур Серикбековна

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

guka1988

Парасат, пайым, иманым,

Бойыма болды жиганым.

Ақылға қанша салсам да,

Атқақтап өлең сыймадың.

Пікір білдірші жамағат,

Пікір жазбай қинадың.

Байқауға бұл маңызды,

Жүректі неге қимадың!

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...