Өлең, жыр, ақындар

Қателестің...

Қиналар деп ойлап пе едің кетсем егер?
Ойың таяз.Көрдің бе...қателестің
Сен лай су,шалшығыңмен шектесе бер
Лас жерде мекендейтін бақа емеспін

Оянғанда қызарып төсегімде
Сүйді деп пе ең бір сәтке ұнағанға?
Түсінерсің опа берер көше кімге
Қу тізеңе бір шашың құлағанда

Сен бәрібір қалмайсың жерде бірақ
Тесігіңнен өткізер біреу жібін
Қойыныңда ериді демде құлап
Бұйырса егер бағына түнеу бүгін

Бір бейшара құлайды сорыңа кеп
Сіңірерсің бойыңа нәрін бүкіл
Арсыздықтың құрасың торын әкеп
Табаныңмен езгілеп арыңды құл

Ойлап пе едің кетсем егер қиналар деп?
Сен оп-оңай ашылар сыр түндіксің
Сәуле түссе жарыққа жиналар кеп
Қайбір сыйқы бар дейсің бір күндіктің

Алғаш таңың құшағымда атқан лезде
Тура бір жыл біз ләззаттан құлағалы
Қара да тұр күйеуіңмен жатқан кезде
Көздеріңе мен елестеп тұрам әлі

(С) Абзал Алтый



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар