Өлең, жыр, ақындар

Жалғызыма

Махаббат жыры, таусылмайды ешқашанда
Не жетсін күнде былай сырласқанға.
Өмірдегі бақытпенен нұрға толы
Сені көрем, шуақ шашқан арай таңда.

Бақыттымын, бақытты сені етем,
Армандарға сенімен бірге жетем.
Егер мына байлықты берші десең,
Ойланбай – ақ! жанымды да, саған берем.

Сен алысқа, шалғайға егер барсаң,
Қиналып сол жақтарда жүріп қалсаң.
Еш нәрсеге қарамастан бәрін тастап,
Саған қарай тік ұшақпен жетіп барам.

Жаным менің! Сені мен еш тастамаймын,
Ешқашанда бұдан былай алдамаймын.
Басқа қыздар жанымнан өтіп барса,
Бұрылыпта артыма қарамаймын.

Аспандағы күнменен тұрған айсын
Жүректегі әмірші қыз толғанайсын.
Бақтағы өсіп тұрған жемістерден,
Ең тәтті өзім сүйген құлпынайсын.

Сені сүйем тағыда сені сүйем,
Сен тастаған отынмен бірге күйем.
Алаулап, жанып бара жатқанда
Есіміңді айтып ғана күл боп кетем.

Аспанға ұшам, түтін болып көкпенен
Саған жаным сол кезде белгі берем.
Ол белгі жүрек - ғой біз білетін
Екеуміз қаламсаппен салып жүрген.

Еш біреуі саған мүлдем ұқсамайды,
Мойнымды ай сұлулар бұралмайды.
Жүректің алтын кілті жаным сенде,
Сеннен басқа оны ешкім ашалмайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс мұраты

  • 0
  • 0

Жеңген сәтте сабыр ет
Жеңілмеуім мақсат деп.
Талаптан бала жалықпа
Еңбекке әркез түр білек.

Толық

Білім ал

  • 0
  • 0

Ақыл керек тұр жатпа оқы ізден
Білім қу білімдіден озам десең.
Мына өмір ағымы таусылмайды
Қаласын надан болып соған ерсен.

Толық

Өмірге айтарым ия, ажалға жоқ!

  • 0
  • 0

Махаббат бір мен үшін өлшеусіз оқ
Сезім барда өшпейтін ғұмырлы шоқ.
Лира барда мен өлмеймін тәңір Алла;
Өмірге айтарым ия, ажалға жоқ!

Толық

Қарап көріңіз