Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік-тұғырым!

«Тәуелсіздік» деген сөздің құдіретін,
Әр қазақ жанындай сезінетін.
Себебі, бір-елімнің қайтпас халқы,
Алаш десе жүрегі езілетін.
Айналдым, Қазақстандай байтақ елден!
Тар жер, тайғақ жолдың бәрін көрген.
Еркіндігін алу үшін қазақтың,
Батырлары айбынды жанын берген.
Еркіндік үшін жан берді талай қандасымыз,
Бүгінгі ұрпақ солардың жалғасымыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,
Көшті алға сүйреген Елбасымыз.
Батырлардан ел үшін ақса қан,
Азаттық деп қаза тапты талай жан.
Келіп жетті, келіп жетті бізге де,
Тәуелсіздік, бостандығым, аңсаған.
Жеңіп шықты қазағымның бірлігі,
Қанында бар алашымның өрлігі.
Ешқашанда есімізден кетпейді,
Қайрат, Ләззат, Ерболдардың ерлігі!

Жүсіп Айсауле
Кеңес Одағының Батыры
Мәншүк Мәметова атындағы
Ақтөбе медициналық колледжінің студенті



Пікірлер (3)

Аяжан

Өте керемет жарайсың

Құлпынай

О күшті

Жансезім

Өте күшті өлең,

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар