http://a-brands.kz/

Арман туралы...

Өмірдің қиындығы болады әркез,
Онсыз өмір өтпейді тұлпардай тез.
Ауыртпалық болса да шыдау керек,
Соныменен өлшенер бақытты кез.

Жапырақтар түседі, келеді күз,
Қорқынышпен қолыңды мәңгіге үз.
Өміріңнің жазушысы сен ғана
Біз жәй ғана сын айтар тек пендеміз.

Өзгелердің ойын ойлап қамықпа,
«Ақшам жоқ» ,- деп ешқашан сен тарықпа.
Мақсат қойда, оны әркез арманда,
Арманына жетер сенген жан ғана!

Демейтін күш өзгелерден іздеме,
Іздеп-таппай қатынасты үзбе де.
Сенікі арман,мақсатта ол сенікі
Өзің үшін күресу керек өмірде.

Армандасаң байлыққұмар болма сен,
Арманыңа апарар жол іздесең,
Мейірім мен адамгершілік егізің,
Арманыңды шын көңілмен көздесең.

Арман деген «Ғажайып күш» дегін мен,
Талпынумен қадам бас сен адыммен.
Орындалды деп сене бер қорықпай,
Қорытынды нәтижесін көзбен көрсең.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)