Өлең, жыр, ақындар

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол

  • 16.04.2015
  • 2
  • 11
  • 77844
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Көңілімнің рақаты сен болған соң,
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе,
Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып.



Пікірлер (11)

Ақнұр

Тамаша! Өз басым, Абайдың сүйікті оқырманымын.

Ақнұр

Тамаша! Абайдың махаббатқа толы өлеңдерінің ішіндегі ұнайтыны осы

шохрух

керемет маған үнады

Жанар

Керемет өз заманының бүгінге дейін жалғасқан тамаша табиғатын ұтымды əсерлі сөзбен баяндап шыққан Абай атама көп рахмеь

Жаннур

керемет!♥маган унады

Амен Ерхан

Өте керемет! Тамаша! :)

Бортан Салтанат

маған да бұл өлең қатты ұнады! Себебі бұл өлеңнің түбінде үлкен мағына бар!!!

Бортан Салтанат

Абай атамыздың әрбір жазған өлеңдері өте тамаша әрі түбінде таусылмаған сырлар көп

бекзат

керемет

Айдар Рауана

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Емен мен шілік

  • 0
  • 0

Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті:
— Аллаға, сорлы, неден жаздың? — депті.
Торғайға да майысып солқылдайсың,
Жел бүлк етсе, тебесің әлпеншекті.

Толық

Күлімсіреп аспан тұр

  • 0
  • 3

Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әр нені.
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?

Толық

Білімдіден шыққан сөз

  • 1
  • 18

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар