Қазақ деген жүректе

Желтоқсанның он алтысы
Брежневтің алаңында
Алматыда сол алаң
Қызыл қанға боялған.
Бұл қазақтың баласы
Алғашқы рет ой алған,
қалың қалың түнектерден оянған,
үлкен,алып КСРО ның күйреуі
Міне содан басталған.
Сол бір қанды алаңда
талай-талай боздақтарың ,
талай-талай саңлақтарың, мерт болған .
Сол бір күні ,сол бір түні
талай ҚАЗАҚ жастарының
Армандары күлге айналып
Жаншылып мың тапталған.
Шындық міне осындай
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА.
Сол кездегі жастардың
Судан таза ,сүттен ақ
орындалмас арманы
ТӘУЕЛСІЗДІК алу ғана болатын
Сол жастарың бұл бір күнге жете алмай
Қыршынынан қиылып
Бұл өмірдің дастаны
Олар үшін тиылып
Сұм тарихтың қойнауынан орын алды жиылып
Желтоқсанның оқиғасы деген атпен қойылып...
Ал ҚАЗАҚТЫҢ төрінде
Есімдері ойылып ,Жазылады алтынмен
Мәңгілікке сақталар
Қазақ деген жүректе!!!!!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Хангелді

Жаса мәңгі Қазағым!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)