Өлең, жыр, ақындар

Нұралы ақынға арнау

Кейін білдім, Қорлан апай - сіздің асыл жарыңыз,
Сіз туралы жылы сөз бен жырыңызға қандық біз.
Қилы ойлар, сан мың жылдар қыл қаламнан төгілген,
«Жыр жиһазы» болып біздің жадымызда қалдыңыз.

Туып- өскен жеріңізге ат басын біз бұрғанбыз,
Халқыңыздың айнасы боп, жарқырап сіз тұрғансыз.
Қазтуған мен Асанқайғы жүріп өткен ізбенен,
Туған жердің жалын кешкен жанды тұсын жазғансыз.

Қасиетті бұл Нарында талай асыл күн кешкен,
Ер Махамбет қызыл тілмен жомарт жерге жыр төккен .
Асылдардың тұяғысыз ,ел мүддесін жырлаған,
Туған жердің топырағын гауһар таспен тең көрген.

Жыр тізбегін оқыдым да , жанға шуақ нұр алдым,
Сіздей ақын туған жерде болғанына қуандым.
Ақын болу әр адамға оңай емес, білемін,
Жырыңыздан шын дарынның терең сырын ұға алдым.

Аяулы жар, асқар әке, жырлаушысы елінің,
Бұғып жатпай,шындықты айтты , жоғын жоқтап жерінің.
Әр сөзінде мән - мағына, жасырынған астар бар,
Көкірегінің көзі бар жан түсінер сырын сөзінің.

Жырға толы қазынаңыз жас ұрпаққа сый болмақ,
Қазынадан жақұт,гауһар,маржан сөздер табылмақ.
Әсемдік пен ақиқаттың нәрлі суын таратып,
Рухани байлық құйып, жүректерді толтырмақ.



Қара жердің қамы үшін қанын төккен батырлар,
Ел қамына үңілген жыраулар мен ақындар.
Жүректен шыққан сан жырға арқау болды,
Қыл қаламды жүргізіп,маза бермей тағдырлар

Өмір сынын көтере алмай,талай асау сүрінді,
Талай мықты тағдырының тәлкегіне ілінді.
Ал сіздегі маздап жанған ақындықтың ұшқыны,
Қайтпас қайсар мінез беріп, биіктетті көгіңді.

Бүгін жұлдыз жарқырап, тірілгендей жаныңыз,
Нұр сепкендей халыққа жырыңыз бен әніңіз.
Жадындасыз, Нұралы аға, әз халықтың,
Мәңгілік мұра болар жыр жаздыңыз.











Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз