Өлең, жыр, ақындар

Өмір деген

Өмір деген өтіп барат тоқтаусыз,
Бекер жылжып жатқандай еш жалғаусыз,
«Өмірімде не жақсылық істедім?» деп,
Ой-санама сауал келер санаусыз.

Өмір деген қиын екен соны ұқтым,
Жамандарды байқаусызда пір тұттым,
Жан-тәніммен сенім берген адамдардан,
Бал орнына қып-қызылдай қан жұттым.

Өмір деген қиял, ғажайып, ертегі
Сол қиялым адастырды бір мені,
Бұл өмірде көп армандап кеткен едім,
Өмір деген алдамшы екен белгілі.


Өмір деген тылсым сынды бір құбылыс,
Адасып жүргендеймін қайсы дұрыс?
Не дегенмен өмір жайлы жырлағанмен
Өзгетер ешқандайда шамам келмес

Өмір деген керек екен адамға,
Ал мен дағы жырлаймын cәл жабыға,
Сонда да кей кездерде толғанамын,
Өмірге ғашық жандай қызыға.



Пікірлер (1)

Шорабек Төлекұлы

Буын ұйқасы нашар. Мағынасы жағынан да əттең - ай жерлері бар.
Гамматикалық та қателер бар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз