Өлең, жыр, ақындар

Қазіргі қоғам жастары!

Алып ұшар, ұлан теңіз – дастаным,
Тамыры мықты, сенімі мол жастарым,
Қоғамына үлес қосқан күресіп,
Бір ортаға жыйып алып бастарын.
Үлкендердің ұлылығын ұлықтап,
Алға тартқан ұлы құнықпақ,
Ұлы-ағалар салып кеткен сол жолды,
Жалғастырып келе жатыр құрықтап.
Қоғамына үлес қосқан күресіп,
Бар міндетті атқарады бірлесіп,
Сенімі мол, білімі көл жастарым,
Тек ұмтылды алға қарай ер есіп.
Құр өткізбей жастарым бір күндерін,
Оқып жатыр өзге ұлттар тілдерін,
Заманауи кезге сай дәл қазір,
Көркейтуде білімді жастар елдерін.
Қоғамға сай көркейту сай-дала,
Қоспайды, сірә , еліне үлес қай бала?
Қазіргі қоғам жастары тек әрқашан,
Үлкен үлес қосып жатыр баршамызға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз