Өлең, жыр, ақындар

Толқын

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2750
Толқын жаңа өмірдің,
Тілеген шын тілегі.
Толқын істі қайнатып,
Қыздыра да біледі.
«Қара Қаншық» қыңсылап,
Толқынға қарап үреді.
Түнеріп толқын ағындап,
Жалтартпай жауын бүреді.
Түн көрпесін дал-дал ғып,
Әлемнен толқын түреді.
Тасады тасқын көпіріп,
Күңіренеді, күледі.
Алған беттен бір қайтпай,
Толқын алға басады.
Сумаңдап жортып, сыдыртып.
Талай қырдан асады.
Атардай сеңді сермеге,
Толқыннан жауы қашады.
«Көмілем, толқын көмет» деп,
Қалшылдайды сасады.
Су толқыны ақырып,
Кейде сылқ-сылқ күледі.
Қаһарын қайта шақырып,
Сырғиды сеңдер, жүреді.
Су толқыны мұздаған,
Пердесін судың сырады.
Біздің толқын зымыраған,
Мақсатқа жетіп тынады.
Су толқыны бұрқанып,
Аудармақшы кемені.
Біздің толқын бусанып,
— Әлемге нұр себеді.
Су толқыны осқырып,
Ентелеп жарды тебеді.
Біздің толқын тез жүріп,
Еңбектің балын емеді.
Біздің толқын іс толқын,
Іске мойын бұрады.
Біздің толқын күш толқын,
Социализм құрады.
Біздің толқын айғыздап,
Жүрегін жаудың тіледі.
Биікке шығып, нығыздап,
Ленин туын іледі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достық үні

  • 0
  • 3

Жылдар талай сыйларын берген баптап,
Менде ұмытпай келемін мәңгі сақтап.
Күрес, табыс қаптаған қырық үш жылда
Мыңдар жылдың үстінен кеттім аттап.

Толық

Гүлжансың - ау

  • 0
  • 0

Гүлжансың - ау, Гүлжансың,
Тынымы жоқ бір жансың,
Таңмен бірге сайрайсың,
Егінде де, шөпте де,

Толық

Кесте

  • 0
  • 0

Алда ақ бәтес, айшықтаған
Қаста жібек, қолда біз.
Өте сұлу тігіп кесте..
Отыр екен бір жас қыз.

Толық

Қарап көріңіз