Өлең, жыр, ақындар

Бақытым менің алыста

  • 17.04.2015
  • 1
  • 5
  • 27250
Алданбайын арзанқол жұбанышқа,
Алданып жұбанышқа, құрақ үшпа!
Қазір менен қашықтап куаныш та,
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста.
Белгісіз жетем бе оған, жетпеймін бе,
Қалам ба орта жолда жетпей мүлде?
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста,
Көрем бе, көгерем бе, көктеймін бе?!
Болғанмен қанша мұңым,қанша қайғым,
Іздеуден бақытымды шаршамаймын.
Өмірім,берер болсаң, ұзағынан,
Өткінші бақытты мен аңсамаймын.
Өмірім!
Сен деп келгем, сен деп келгем!
Ақ еділ арманымды теңдеп келгем.
Айырма алыстағы бақытымнан
Армандағы аңсап көрген, шөлдеп көрген
Жылдардың ұзаруда тізбектері,
Жаз өтті.бара жатыр күз де өткелі.
Қыс та өтер,қыспен бірге мен де өтермін...
Бақытым жүрсе болды іздеп мені.



Пікірлер (5)

Амангелді Асемай

Маган унамады асиресе сен келме деп осы

Нұрай

Өте керемет сайт ӨЗІМ осы сайтты қолданамын

Нұрай

Керемет маған ұнады

Айару

Өте мағыналы сөздер күшті екен❤️❤️

Пікір қалдырыңыз

Адам ата сияқтанып

  • 0
  • 1

Адам ата сияқтанып,
ертеңгі алаң-елеңмен,
Ағаштардың аясында
сеп-сергек боп келем мен.

Толық

Бәріне де түсінем

  • 1
  • 3

Бәріне де түсінем,
Бәрін білем,
Бірақ білмен өзімнің әлімді мен.
Пайдам да жоқ ешкімге, зияным да,

Толық

Сал-сал жырым

  • 1
  • 3

Сал-сал жырым, сал жырым,
Ағытыл, алтын сандығым.
Сен бар жерде баймын да,
Сен жоқ жерде жарлымын.

Толық

Қарап көріңіз