Өлең, жыр, ақындар

Болады деп арманда

  • 17.04.2015
  • 0
  • 8
  • 80178
- Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба.
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,
Жалғанға.
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!
Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам таңданба!
Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,
Алданба!
Шығатұғын күндерге де,
Ататұғын таңдарға,
Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.
Өтер кетер, өтер кетер...
Дейміз ғой біз мұңайып.
Дейміз-дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа
Бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,
Құласақ та, тек биіктен,
Құзға барып құлайық!
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ойнағында,
Біз тұтатқан от жансын,
...Ей, Болашақ!
Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!
Мүмкін, бізді ұмытарсың..
Кім біледі?..
Жоқтарсың...



Пікірлер (8)

АЙМАН

Дұрыс айтылған

Куат

Алла разы болсын! Өте жақсы

Улданай Ханым

Керемет

өте әсерлі

Өте әсерлі

Куанышбекова Жадыра

күшті мағыналы және өте әсерлі

Дархан

Мұқағали Мақатаевтың Болады деп арманда дген өлеңі ұнады

Гульнара Таиповна

Керемет айтылған

Пікір қалдырыңыз

Бетховен

  • 0
  • 1

Сәнімен емес,
Әнімен оған қымбатты,
Қырық мың ғалам,
Қырық мың түрлі үн қатты.

Толық

О, капитан! Капитаным!

  • 0
  • 1

О, капитан! Капитаным!
Не сұмдықтан өткен ек,
Қазына тауып,
Қарсы тұрдық дауылменен бетпе-бет.

Толық

Ей, менің қиын өткелім

  • 2
  • 4

Ей, менің сайран мекенім!
Адамға бермес екі өмір,
(Әрине, болмас екі өлім)
Мен сенен ертең кетемін,

Толық

Қарап көріңіз