Өлең, жыр, ақындар

Балаларға

  • 19.08.2018
  • 0
  • 18
  • 85052
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған
Қуанып жастығына сендей ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су—
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Сталин — асқан дана, бабаларың,
Болмайды одан жақын аналарың.
Жайнатқан нұрын төгіп жүрегінің
Барлық ұлт, барлық тұқым балаларын.
Дүниеде барлық жаннан мейірімді ол,
Адамға бахытты өмір көрсеткен жол:
Ойыншық, мынау кітап, қағаздарды
Сендерге әдейі арнап жіберген сол.
Сталин — биік шынар бір бәйтерек,
Тамаша бойы әлемнен асқан ерек,
Гауһардай нұрын құйған сабағымен
Сендерді саясына алған бөлеп.
Күледі сендер күлсең ол да бірге,
Оқы дейд, білім алып, босқа жүрме!
Оқысаң өмір. кілті өз қолыңда
Жайнайды өмір ұқсап бейне гүлге,
Ардақтап есіңе ұста әр пионер!
Сталин — ардақты атаң, шын кемеңгер,
Данасы адамзаттың ақылгөйі
Атасы бар ұланның Сталин ер!



Пікірлер (18)

Айзере

Жаксы олендери маган унады

Нуржаиса

Керемет олен екен маган унады

Жауказын

Магынасы терен

Сабина

Маган Жамбыл атамыздын олендери катты унайды.Себеби керемет, жазган ☺

Роза

Мағанда Жамбыл атаның өлеңдері ұнайды мен оның бүкіл өлеңін білемін Жамбыл аьа мені есті тұрған шығар мен Жамбыл атаныңауылында тұрамын

Абзалқызы Каусар

Маған да ұнайды Жамбыл жабаевтың бауыры менің атам

Айзере

Керемет екен мен тамсана оқыдым ♡♡♕❥♕♕♕

Мейрамбек

Зор
Екен
Маған ұнады

Əбілбек Сабина

21 орта мектеп

Нұргелді

Зор

Нұргелді

₱¢¥

Ерлан

*100*1# мына мен мегабайт алады.

Медет

Жаңа жыл құтты болсын бауырлар.

Гүлдана

Өте керемет!

Алтынай

Өте керемет

Құрмантаи Аиша

Мен жаттадым қалжың өлеңін

Жанерке

Əкеме

Сара

керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Дастарқан жыры

  • 0
  • 1

Біз дастарқан үстінен
Отырмыз міне, дәм татып!
Бір орыс, екі қазақпыз,
Мәз-мәйрам әнге шырқатып,

Толық

Көкімге

  • 0
  • 3

Бері отыршы, Көкімім,
Қандай екен өкімің?
Елді билеп алуға
Қай арадан бекідің?

Толық

Калинин ақсақалға

  • 0
  • 0

Алдыңа іздеп кеп тұрмын,
Саумысың басшым ініміз!
Жаңарды ғой бұл кезде
Заманымыз, күніміз.

Толық

Қарап көріңіз