Өлең, жыр, ақындар

Дауыл

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1440
Ақ боран ба, ақ дауыл ма,
соғады – ай көп бұрқақтап,
Ақ періште, ақ көбелек,
аспан төсін жүр қаптап,
Ақ толқындар ұйтқи аунап,
ал көңілімді нұр қаптап,
Ақша қарлар жауады кеп,
жауады кеп жырға аппақ,
Жауады кеп толасы жоқ,
ұйытқиды қар дауылдап.
Құлап жатыр бұл кеудеме,
соққан дауыл арындап.
Маңайда түн, мазасыз үн,
ал, жүректің шамын жақ,
Адаспасын жолаушылар,
кетсін жырға дамылдап.
Дамылдасын, жолдарынан жаңылмасын,
тыныштыққа бөленсін,
Бөленсін де бір рахатқа
нәзік өнге кенелсін.
Кенелсін де ақ сәулелер
нұр шашқанда жөнелсін,
Жаурағанда дауылдарда
жыр отына жылынуға келерсің.
Я келерсің, я келмессің.
қажеті де жоқ шығар,
Бұл өмірде қара дауыл,
ақ дауылдар көп шығар.
Шың үстінде шашын жайып,
шайқатылған топ шынар,
Сірә да оған көз ілу де,
тыныштық та жоқ шығар.
Құлардай боп майысады,
қайран шынар, қайсар – ақ,
Қара шашын тарайтұғын
аспандағы Ай — тарақ.
Дауылдарың кетсін мейлі
тыныш қалпын шайқап-ақ,
Тұра берер, тұра берер,
нәзік әнін қайталап.
Мейлі оны жынды дауыл
сілкілесін, жұлқысын,
Мейлі оның сұм тағдыры
ұрласа да күлкісін.
Мейлі аспан шарт түйіліп
өзгертсе де түр-түсін,
Тұра берер, тұра берер,
өзін сүйген жұрты үшін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жадыра

  • 0
  • 0

Жұртыңа берер сенің көп сыйлығың,
Жалынсың,
Жанып тұрған отсың бүгін.
Биікке қанат қағып барасың ғой,

Толық

Күрсінбе, апа!

  • 0
  • 1

Жатқан мынау айналаға сәнденіп
Қарап тұрсыз көкіректі ән керіп.
Қарап тұрсыз оймен толқып,
Жан aпa,

Толық

Тентек

  • 0
  • 0

"Тентек су" деп тегін айтпай ел сені,
Өзің жайлы көп шертеді ертегі.
"Мың қарағай" тау арасы қайнарың,
Құлдырап кеп араладың өлкені.

Толық

Қарап көріңіз